Перейти к содержимому
Главная страница » «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

2026 жылғы 28-30 шілде аралығында Алматы облысы аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті күшейтуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Аталмыш профилактикалық жұмыс Ұйғыр ауданында да ауқымды түрде өтуде. Іс-Шара барысында аудандық полиция қызметкерлері заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын тұлғаларды анықтауға, қоғамдық көліктердің техникалық жағдайын тексеруге, сондай-ақ жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтауына ерекше назар аударуда. Аудан орталығы Шонжы ауылындағы қоғамдық көліктердің тұрғынгждарды тасымалдау барысында қауіпсіздікті сақтауын, белгіленге аранйы аялдамаларға тоқтап, апатты жағдай тудырмауын, адам өміріне өауіп тқндірмеуін ерекше бақылады. Әсіресе, көлік құралдарының техникалық жарамдылығы, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі, сондай-ақ тиісті құжаттарының болуы жіті бақылауға алынды. Жол ережесін бұзған жүргізушілерге ескертулер берілді. Себебі бұл – жолаушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам.

Әр көлік жүргізушісімен біздің қызиметкерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолаушылардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Әрбір сапар – адам тағдыры екенін ұмытпауды қатаң ескертті. Өйткені жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Ұйғыр ауданының полиция бөлімі