Перейти к содержимому
Главная страница » Демалыс күндері рейдтік іс-шаралар өтті

Демалыс күндері рейдтік іс-шаралар өтті

Аптадағы демалыс күндері Ұйғыр ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған рейд жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері толықтай қатысып, халық көп шоғырланатын орындарда бақылау жұмыстарын күшейтті.

Рейд барысында кафе, мейрамхана, балалар ойын алаңдары және басқа да ойын-сауық орындарының иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан кәсіпкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, алкоголь өнімдерін белгіленген талаптарға сай сату, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу қажеттігі де кеңінен түсіндірілді. Аудан кәсіпкерлерін заңсыздықтың алдын алуға шақырды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде нақты ескертулер беріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық шаралар жүргізілді. Мұндай жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Тәртіпке бағыну – әр азаматтың міндеті. Сондықтан да қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау баршамызға ортақ жауапкершілік екенін ұмытпағанымыз жөн.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Ұйғыр ауданы