Ұйғыр ауданы полиция бөлімнінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары мен пробация қызметінің инспекторлары бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталғандарды түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
Учаскелік полиция инспекторлары түнгі рейдтер барысында сотталған азаматтармен жеке сұхбат жүргізіп, профилактикалық шараларды айтып, қайта қылмыс жасау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттерді де қатаң сақтау, белгіленген тәртіп талаптарын бұзбау және құқықтық жауапкершілікті сезіну қажеттігін де ерекше атап өтті. Пробация есебінде тұрғандықтан әрбір шалыс қадам ертеңгі өмірлеріне өкініш тудыруы мүмкін екендігін де барынша түсіндірді. Заң талаптары мен оларға қайта қылмыс жасау жағдайындағы жазалар жайын да кеңінен жеткізіп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын жіктеп, талдап айтып берді. Тексеру барысында әр азаматтың тұрмыс жағдайы мен тәртібі де назарға алынды. Олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған жұмыстар туралы да ақпараттар берілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және пробация есебіндегі азаматтардың түзелуіне оң ықпал ететініне кәміл сенімді полиция қызметкерлері.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Ұйғыр ауданы

