Перейти к содержимому
Главная страница » ҚҰРЫЛТАЙ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

ҚҰРЫЛТАЙ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

Кез келген кәсіби қауымдастықтың дамуы ашық пікірге, ортақ жауапкершілікке және әділ шешімге негізделеді. Құрылтай – дәл осы құндылықтарды тоғыстыратын маңызды институт.

Бүгін қабылданатын әрбір шешім мен берілетін әрбір дауыс – тек бүгінгі күннің таңдауы емес, ертеңгі білім беру жүйесінің сапасына, кәсіби қоғамдастықтың дамуына және ортақ мақсаттардың жүзеге асуына қосылатын үлес.

Сондықтан құрылтай жұмысына белсенді қатысып, өз таңдауымызды кәсіби ұстаным мен жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып жасаудың маңызы зор деп есептеймін.

Бірлігіміз – берекеміз, әділ таңдауымыз – ортақ жетістігіміздің кепілі.

Аскербай Нұржалғас,
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің әдіскері