Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысының тұрғындарының назарына!

Алматы облысының тұрғындарының назарына!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы мен өз таңдауын жасауы еліміздің болашағына бейжай қарамайтынын білдіреді. Сондықтан сайлауға қатысу – әрбір азаматтың маңызды құқығы әрі жауапкершілігі.

Егер өзіңіздің қай сайлау учаскесінде дауыс беретініңізді білмесеңіз, оны төмендегі тәсілдер арқылы оңай анықтай аласыз: 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыз. Операторлар сізге қажетті ақпаратты ұсынады.

sailau.almobl.kz сайтына кіріп, ЖСН-іңізді енгізу арқылы өзіңіз тіркелген сайлау учаскесі туралы ақпаратты жылдам әрі ыңғайлы түрде біле аласыз.

Сайлау күні өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатты алып келуді ұмытпаңыз.

Әрбір дауыс маңызды! Сіздің таңдауыңыз – еліміздің дамуына қосқан үлесіңіз. Азаматтық белсенділік танытып, 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Алматы облысының спортшысы: Әнапия Еркебұлан, Грек-рим күресінен жастар арасында Азия чемпионатының жүлдегері.