Перейти к содержимому
Главная страница » Сақтансаң, сақтайды!

Сақтансаң, сақтайды!

Елде жол апаты азаймай тұр. Жол қауіпсіздігі көп мемлекет үшін әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселелердің бірі. Жол қозғалысs оқиғалары өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады.

Сондай-ақ, жол-көлік жарақаты құрылымында балалардың қатысуымен болған оқиғалар жетекші орын алады. Балалардың да қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегенінен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.

Жол қауіпсіздігі ортақ жауапкершілік. Басты сақтық өзімізден. Қара жол қателікті кешірмейтінін қаперден шығармаған жөн.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы