⛅
4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    04.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Экология
    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Іле Алатауы ұлттық саябағында жол талғамайтын көлік тізгіндеген белгісіз адамдар орманшыны соққыға жыққан. Бұл оқиға туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады. Онда оқиғаның 29 қыркүйекте болғаны айтылған.

    «Әлгі адамдар джиппен шлагбаумды сындырып, ішке өтуге тырысқан. Кіреберісті камерамен қамтамасыз етуге ұлттық парктердің қаражаты да жоқ», – деп жазды желі қолданушысы.

    Кейін осы жағдайға Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті мәлімдеме жасады. Комитет дерегінше, 30 жастағы инспектор Дамир Қуатбековты белгісіз біреулер соққыға жыққан.

    «Белгісіз төрт адам Медеу бөлімшесінің Каменск орманшылығының инспекторына шабуыл жасаған. Орманшы күдіктілердің ұлттық парк аумағына заңсыз кіруіне кедергі жасамақ болған. Қаскөйлер қара түсті Toyota Land Cruiser көлігімен буксир тіркейтін арқан арқылы «Мокрый ключ» шатқалының жабық шлагбаумын бұзуға тырысқан», – делінген хабарламада.

    Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктілерді ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
    «Қылмыс объектісі жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның лауазымды тұлғасы екенін ескере отырып, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 380-2-бабы 3-бөлігі – мемлекеттік инспекторға күш қолдану бойынша қайта квалификацияланды. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында»,- деп атап өтті ведомство.

    Қазір соққыға жығылған инспектордың жағдайы бірқалыпты.

    Ұсынымдар

    Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті

    Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті

    7 months ago
    Адалдықтан айнымаған

    Адалдықтан айнымаған

    1 month ago
    АЭС – болашақтың энергиясы

    АЭС – болашақтың энергиясы

    1 year ago
    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    1 year ago
    Отбасы – от басу емес

    Отбасы – от басу емес

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>