-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ұстаздар күнімен құттықтады

    04.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Руханият, Саясат
    Ұстаздар күнімен құттықтады
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір ұстаздарын 5 қазанда атап өтілетін Мұғалімдер күнімен құттықтады.

    Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлт ұстазы, өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: “Мектептің жаны – мұғалім» деп айтып кеткен. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі, әлі күнге төрімізден түскен жоқ.
    Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен, ұрпақты білім нәрімен сусындатып, адамгершілік руxта бағыт-бағдар берген ұстаздардың еңбегі зор. Сіздердің балаға деген көңілдеріңіз əр оқушының жүрегіне ізгіліктің дәнін егіп, ой-өрісін дамытып, олардың жан дүниесі мен көңіл көкжиегін нұрландыруда. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт, ұстазымен мақтанады. «Мұғалім – мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл — ұстазға арналған теңдесі жоқ теңеулер!
    Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады.
    Әрбір үйдің еркесінің бабын тауып, әр шаңырақтың тентегімен тіл табысатын осынау мамандықтың иелерін шын жүректен мерекелерімен құттықтап, жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен ғана емес, ұлттық болмыста тәрбиелей берулеріңізге тілектеспін! Адал жандарыңыз жабырқау көрмей, ақжарма көңілге кенеліп, шәкірттеріңіздің жеңісіне тебіреніп-толқыйтын, қуанышты сәттеріңіз көп болсын! Ұстаз деген ұлылықтың жылылығын тіршілікке тарата беріңіздер!”, – делінген әкімнің құттықтауында.

    Қазақстанда педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні Үкімет қаулысына сай биылдан бастап 5 қазанда атап өтіледі. Елімізде Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келген. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

    Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

    Ұсынымдар

    Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

    Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

    6 months ago
    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    Маңызды шешім қабылданды

    1 year ago
    Қонаев қаласы әкімінің шыршасы өтті

    Қонаев қаласы әкімінің шыршасы өтті

    5 months ago
    Қонаевта елдегі ең үлкен скейт парк ашылды

    Қонаевта елдегі ең үлкен скейт парк ашылды

    2 years ago
    МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

    МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>