Перейти к содержимому
Главная страница » Балалар игілігіне!

Балалар игілігіне!

Райымбек ауданында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осыған орай Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев Нарынқол ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасына арнайы барып, онда жүргізіліп жатқан жөн­деу жұмыстарының сапасын бақылады.

«Жаңа оқу жылының бас­талуына аз уақыт қалды. Сондық­тан тездетіп іске кірісіңіз­дер», – деген аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда балабақшадағы бөлмелер мен дәліздер, әкімшілік және қызметтік кабинеттер санитариялық-гигиеналық талап­тарға сай жаңартылып, әктеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ ғимаратқа жылы еден төселген. Енді есіктерді ауыстыру ғана қалған.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін балабақшаның ішкі келбеті жаңарып, бүлдіршіндердің сапалы білім алып, қауіпсіз әрі жайлы ортада тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалады.

Дәурен ЕРМЕКБАЙ
Райымбек ауданы