Отбасы – адам өзін қауіпсіз сезінетін ең жақын орта. Сондықтан шаңырақтағы зорлық-зомбылыққа жол беру – адам құқығын бұзумен қатар, отбасының берекесіне және қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Зорлық-зомбылық тек дене күшін қолданумен шектелмейді. Қорқыту, кемсіту, психологиялық қысым көрсету немесе адамның еркіндігін шектеу де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайға тап болған азамат мәселені жасырып қалмауы керек. Уақытында көмек сұрау және құқықтық қорғау тетіктерін пайдалану қауіптің одан әрі өршуіне жол бермейді.
Тұрмыстық жанжалдардың алдын алуда отбасы мүшелерінің бір-бірін тыңдауы, ашық сөйлесуі мен өзара құрметі маңызды. Ал қоғам зорлық фактілеріне «отбасының ішкі мәселесі» деп қарамауы тиіс. Құқық қорғау органдары бұл бағытта профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қауіп төнген азаматтарды қорғау шараларын қолдануда. Зорлыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптасқан қоғамда әр адамның құқығы мен қадір-қасиеті қорғалады.
Құралбек СӘБИТОВ

