-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    05.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Инфрақұрылым
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Фото: dalanews.kz

    0
    SHARES
    46
    VIEWS

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасында қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    «Бесінші мәселе. Тағы бір маңызды міндет – қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою..

    Ауыл балаларының білім алу мүмкіндігі шектеулі екені баршаға мәлім. Бұған қажетті құрал-жабдықтың және білікті педагогтердің тапшылығы себеп болып отыр. Ауылдағы білім ошақтарының тең жартысы – шағын мектептер. Онда барлық пәннің мұғалімі бола бермейді. Бір сыныпта әртүрлі жастағы балалар оқиды.

    Мұның бәрі – жылдар бойы қордаланған түйткілдер. Оның көбі жұрттың жаппай қалаға көшуіне байланысты туындап отыр. Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды», – деді Мемлекет басшысы.
    Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен бизнестің серіктестігі арқылы ауыл мектебін жаңғырту жұмыстары қолға алынғанын айтты.
    «Мектебі бар ауылда тіршілік бар» деп бекер айтылмаған. Мектеп бірнеше әлеуметтік нысанның рөлін атқарады. Онда қоғамдық жиындар, мәдени іс-шаралар, спорт сайыстары өтеді.

    Ауыл мектебі жергілікті жұртты ортақ іске жұмылдырады. Осы орайда кәсіпкерлер қауымына да зор міндет жүктеледі. Қазір мемлекет пен бизнестің серіктестігі арқылы ауыл мектебін жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

    Осы тәсілмен үш жылдың ішінде кем дегенде бір мың ауыл мектебін керек-жарақпен толық жабдықтау қажет», – деді ол.
    Одан бөлек, кітапханалардағы кітап қоры қала және ауыл оқушыларына бірдей қолжетімді болуға тиіс екенін атап өтті.
    «Ауыл мектептерінің кітапханаларын дамыту мәселесіне баса мән берген жөн. Кітапханада қажетті кітаптың бәрі болуы керек. Яғни, әдебиет қала және ауыл оқушыларына бірдей қолжетімді болуға тиіс.

    Балаларға тең мүмкіндік беру үшін білім сапасын барлық аймақта бірдей жақсарту керек. Отбасы жағдайына, өскен ортасына қарамастан, барлық баланың сапалы білім алуға хақы бар», – деді Мемлекет басшысы.

    Ұсынымдар

    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

    7 months ago
    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    2 years ago
    Коммуналдық қызметкерлерге жанашырлық танытты

    Коммуналдық қызметкерлерге жанашырлық танытты

    1 year ago
    Қоқыс тастағандар қыруар айыппұл арқаламақ

    Қонаевта қоршаған ортаны ластаған 39 тұлғаға айыппұл салынды

    3 months ago
    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.