-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында шыққан аяқ киімді еуропалықтар киіп жүр

    13.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Мәдениет, Өңір тынысы
    Алматы облысында шыққан аяқ киімді еуропалықтар киіп жүр
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қонаев қаласында «Шебер-Fest» қолөнер фестивалі өтті.

    Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 15 шебер қыш құмыралар, зергерлік бұйымдар, ағаш, табиғи тері мен тоқыма, киіз өнімдерінен жасалған заттарын көрмеге қойды.

    Шеберлер сауда жасап та жатыр. Оның ішінде Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылынан келген «Қадам kz» брендінің негізін қалаушы Әсел Болатқызы да бар. Ол таза былғарыдан әйелдер мен ерлерге, балаларға арналған аяқ киімдер тігумен айналысады.

    «2015 жылы өз өнімдерімізді шығара бастадық. Бұған дейін шетелдік көрмелерге де қатыстым. Біз жасаған аяқ киімдерді сингапурлықтар, жапондар, қытайлар, италиялықтар киіп жүр. Әлемге аты әйгілі Димаш Құдайбергеннің де жеке тапсырысын орындадық», – деді шебер.

    Әселдің сөзінше, қазір нарықта ұлттық нақыштағы киім-кешекке сұраныс жоғары.

    «Біздің мақсат – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, қазақы оюмен өрнектелген аяқ киімдерді күнделікті қолданысқа енгізу. Ол үшін аяқ киімдердің бағасын қолжетімді еттік, 6 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін. Қазір ұжымда 5 маман бар. Тағы да үйренемін, осы саланы меңгеремін деушілер болса, есігіміз әрдайым ашық. Біздің өнімдер Алматыдағы базарларда, онлайн сауда орталықтарына қойылған. Халық арасынан сұраныс жылдан-жылға артып келеді», – деді Әсел Болатқызы.

    Әселдің бұл сөзімен Астанадан ат терлетіп келген зергер Берік Сәтінбекұлы да келісіп отыр.

    «Ұлттық өнерімізді кенжелетіп алған кездеріміз болды. Десе де, менің атам, әкем осы зергерлікті маған мұра етті. Қазір балаларым да зергерлікпен айналысады. Расында да, сұраныс өте жоғары. Сондықтан еліміздің бас қаласынан жеке музейімді де аштым. Осындай шаралар көптеп ұйымдастырылып, қазақы мәдениет, салт-сана, әдет-ғұрпымыз насихатталғаны дұрыс», – деді зергер.

    Бүгінгі шарада келген қонақтарды айтулы күнмен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев құттықтады. Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы да көп болды.

    Ұсынымдар

    Асханасы жоқ мектептерде тамақтанудың 3 тәсілі қарастырылып жатыр

    Асханасы жоқ мектептерде тамақтанудың 3 тәсілі қарастырылып жатыр

    2 years ago
    Қазақстанда ірі орман өрттерінің алдын алу шаралары қабылданып жатыр – Экология министрлігі

    Қазақстанда ірі орман өрттерінің алдын алу шаралары қабылданып жатыр – Экология министрлігі

    2 months ago
    Халықтық штаб: «АЭС – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі»

    Халықтық штаб: «АЭС – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі»

    8 months ago
    Шаруаларды қолдау жалғасады

    Шаруаларды қолдау жалғасады

    2 months ago
    Мейірім мерекесі

    Мейірім мерекесі

    2 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>