Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қарқынды дамитын қалаларға арналған жаңа конституциялық норманың маңызы айырықша

Қарқынды дамитын қалаларға арналған жаңа конституциялық норманың маңызы айырықша

55 қаралым
жаңа конституция

Түбегейлі конституциялық реформа аясында елдің құқықтық жүйесіне енгізілген ең басты жаңалықтардың бірі – қолданыстағы құқық пен құқықтық актілер иерархиясын бекітетін 5-бапқа қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим институтын конституциялық деңгейде енгізу. Мұндай арнаулы құқықтық режимнің немесе «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимінің белгіленуінің негізгі мақсаты – өңірлердің қарқынды экономикалық дамуына серпін беру.
Мамандардың айтуынша жаңа конституциялық норма инвестициялық тартымдылықты арттыру және қаржы қызметінің дамуына ықпал ететін кешенді институционалды құрылымдарды қалыптастыруға негіз болады. Бұл – экономикалық модернизация құралдарын конституциялық деңгейде бекітудің маңызды қадамы. Қазақстандағы аталған режимнің жоспарланған элементтеріне мысал ретінде Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) қызметін көрсетуге болады, ол ерекше құқықтық және реттеуші режим негізінде жұмыс істеп, шетелдік бизнес пен инновациялық қаржы қызметтері үшін либералды жағдайларды қамтамасыз етеді.
Алатау қаласы әкімінің орынбасары Гүлбану Сейткенқызs жаңа Конституциядағы белгілі бір территорияда арнайы құқықтық мәртебесі бар қалаларды құруға құқықтық мүмкіндік беретінін баса айтады.
«Экономикалық дамуды конституциялық деңгейде қамтамасыз ету стратегиялық маңызды аумақтар мен экономикалық секторларды жедел дамытуға құқықтық негіз береді. Арнаулы құқықтық режимдердің конституциялық деңгейде бекітілуі инвесторлар мен экономикалық субъектілер үшін құқықтық айқынсыздықты азайтып, мемлекеттік саясаттың болжамдылығын күшейтеді.

– Қарқынды дамитын қалалардың ерекше мәртебесі пилоттық аумақтарда уникалды мемлекеттік басқару механизмдерін енгізуге жол ашып, кейін басқа өңірлерге тарату мүмкіндігі бар. Мұндай институционалды икемділік – мемлекеттік басқаруды жаңғырту мен жаһандық нарық талаптарына бейімделудің маңызды құралы. Аталған режимді енгізу мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін, азаматтар мен бизнес өкілдерімен қарым-қатынас шектерін анықтайтын құқықтық базаны қалыптастыру қажеттігін алға тартады. Мемлекеттің унитарлық құрылымы мен территориялық тұтастығының сақталуы экономикалық басқарудағы икемділік пен мемлекеттік құрылымның тұтастығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді, – дейді ол.

Ерзат АСЫЛ