Перейти к содержимому

Үйдегі үнсіздікке құлақ түрейік

26 қаралым

Зорлық-зомбылық әрдайым сырт көзге бірден байқала бермейді. Кейде оның белгілері күнделікті өмірдегі ұрыс-керіс, қорқыту, кемсіту немесе бақылау әрекеттерінің арасында жасырынуы мүмкін. Сондықтан отбасындағы кез келген қысымға «өздері шешеді» деп қарау мәселенің ушығуына әкелуі ықтимал.

Әсіресе балалар мұндай жағдайдың куәсі болған кезде, оның психологиялық әсері ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Үй – адам өзін қауіпсіз сезінетін орта болуы керек. Ал қорқыныш пен қысым қалыпты қарым-қатынастың белгісі емес.

Зорлық-зомбылықтың алдын алуда ең маңызды қадамдардың бірі – мәселені жасырмай, дер кезінде көмек сұрау. Жәбірленушіні кінәламай, оған қолдау көрсету де қоғамның жауапкершілігін көрсетеді.

Отбасындағы тыныштық ұрыс-керістің жоқтығымен ғана өлшенбейді. Ол әр адамның өзін қауіпсіз әрі құрметтелген сезінуінен басталады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ