Өнер иесі өз таңдауын жасады. Ол Талғар ауданындағы №838 сайлау учаскесіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Құдайберген Бекіш келіп, өз таңдауын жасады.
Елге еңбегі сіңген өнер иесінің сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндетін орындауы тұрғындар үшін ерекше сәт болды. Құдайберген Бекіш дауыс беру рәсімінен кейін сайлау учаскесіндегі ахуалмен танысып, сайлаушыларға сәттілік тіледі.
Өнер қайраткері әр азаматтың ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, өз азаматтық таңдауын жасауының мәні зор екенін атап өтті.
Сайлау күніне белсенді қатысқан Құдайберген Бекіш тұрғындарды да ел болашағына жауапкершілікпен қарап, дауыс беруге шақырды.