Райымбек ауданына қарасты Сарыжаз ауылындағы Алтынбек Сәрсенбаев атындағы орта мектепте орналасқан №774 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қатары қалың. Ауыл тұрғындары ел болашағын айқындайтын айтулы күні өз таңдауын жасап, белсенділік танытуда.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айдос Иманбековтің айтуынша, мұнда дауыс беру үшін 1771 азамат тіркелген. Қазіргі уақытта сайлау барысы өте белсенді жүріп жатыр.
«Комиссия құрамында жеті адам жұмыс істейді: төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және өзге комиссия мүшелері. Сонымен қатар, дауыс беру процесін бақылау үшін «Әділет» және «Байтақ» партияларынан байқаушылар келіп отыр, – деді Айдос Иманбеков.
Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасауға келген ауыл тұрғыны Өміржан Тіналиев ел болашағына қатысты оқиғаға бейжай қарамайтынын айтты.
«Елдің ертеңі әр азаматтың таңдауы мен белсенділігіне байланысты. Сондықтан қоғам өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіру – ортақ жауапкершілік. Мен де осы жауапкершілікті сезіне отырып, өз таңдауымды жасадым.
Айта кетейік, №774 сайлау учаскесінде дауыс беру кешкі сағат 20.00-де аяқталады.