Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / 2026 жылдың 7 айында Алматы облысының тұтынушыларына 57 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

2026 жылдың 7 айында Алматы облысының тұтынушыларына 57 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

43 қаралым

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде 2026 жылдың 7 айындағы жұмыс қорытындылары шығарылды.

Есепті кезеңде Департаментке 3 136 азаматтың өтініші келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі еседен астам жоғары.

Өтініштердің басым бөлігі электрондық сауда, тұрмыстық және білім беру қызметтері, сондай-ақ коммуналдық салаға қатысты болды. Азаматтар көбінесе ақшалай қаражатты қайтару, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасыздығы, сондай-ақ сатушылар мен орындаушылардың тұтынушылардың заңды талаптарын орындаудан бас тартуы мәселелері бойынша жүгінеді.

2026 жылдың 7 айында Департамент мамандарымен:

  • 116 жоспардан тыс тексеру жүргізілді;
  • жалпы сомасы 3 168 066 теңге әкімшілік айыппұл салынды;
  • тұтынушыларға 57 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Бұл ретте мәселелердің едәуір бөлігі сотқа дейінгі тәртіппен шешіледі. Департамент мамандары тұтынушыларға құқықтық және консультациялық көмек көрсетіп, талап қою тәртібін түсіндіреді және кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізеді.

Статистикадағы әрбір санның артында өз құқықтарының бұзылуына тап болған нақты азаматтың мәселесі тұр. Сондықтан Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, азаматтардың мүліктік және өзге де құқықтарының нақты қалпына келтірілуін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, бизнестің жауапкершілігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

 Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады.

Егер тұтынушы ретінде сіздің құқықтарыңыз бұзылса, консультациялық және құқықтық көмек алу үшін аумақтық Департаментке жүгіне аласыз.

 Дина  СЕНБАЕВА ,

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

Алматы облысы бойынша сауда және

тұтынушылардың құқықтарын қорғау

департаментінің бас маманы