Құрылтай сайлауында Жамбыл ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Ковалев өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ол еліміздегі саяси маңызды оқиғадан тыс қалмай, Ұзынағаш ауылындағы үйінде өзінің азаматтық белсенділігімен жас ұрпаққа үлгі көрсетті.
Жастық шағын майдан даласында өткізіп, елдің бейбіт болашағы үшін күрескен ардагер үшін Отан тағдыры әрдайым маңызды. Бүгінде жасы ұлғайса да, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, азаматтық борышын орындауы – ерекше құрметке лайық. Ардагердің Құрылтай сайлауында дауыс беруге қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің, туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
Федор Мельяновичтің өнегелі жолы – жас ұрпаққа отансүйгіштік пен азаматтық белсенділіктің тағылымды үлгісі. Бейбіт елдің болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы