Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы ресми түрде аяқталып, ел жадында нағыз жалпыхалықтық мереке ретінде қалды. Бұл күн көптеген қазақстандық үшін жоғары азаматтық жауапкершілік танытуға мүмкіндік берді. Қазір бірқатар партия өкілдері сайлаудың әділ өткенін атап өтіп, жарияланған нәтижелерді мойындайтынын мәлімдеп жатыр.
«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай Құрылтай сайлауында дауыс берген қазақстандықтарға алғыс айтты. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында партия азаматтардың таңдауына құрметпен қарайтынын хабарлады.
– Бүгінге жоспарланған баспасөз мәслихатын өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бұл мәселе бойынша бұдан әрі бұқаралық ақпарат құралдарымен сөйлесуді де жоспарлап отырған жоқпын. Қазіргі таңда азаматтардың таңдауына күмән келтіруге негіз болатын расталған деректер жоқ. «Байтақ» партиясы Қазақстан халқының таңдауына құрметпен қарайды және сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен анықталған ресми қорытындыларды негізге алады. Дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған барлық қазақстандыққа алғыс айтамын, – деді ол.
«Байтақ» партиясы.