Перейти к содержимому

Жолда адам өмірі бірінші орында

31 қаралым

Жол қозғалысындағы әрбір қатысушы өз қауіпсіздігіне ғана емес, айналасындағылардың өміріне де жауапты. Жүргізушілер жылдамдықты сақтап, жол жағдайына қарай көлік басқаруы қажет. Рөлде телефон қолдану жүргізушінің назарын бөліп, апат қаупін арттырады. Жаяу жүргіншілер де жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуге тиіс. Балаларға жол ережесін ерте жастан үйретудің маңызы зор. Қауіпсіздік белдігін тағу – көліктегі қарапайым әрі қажетті талаптардың бірі. Жаңбыр, қар немесе тұман кезінде жүргізуші барынша мұқият болғаны жөн. Жолдағы асығыстық кейде орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Бір ғана ережені сақтау адамның өмірін сақтап қалуы ықтимал. Сондықтан жолға шыққан әр адам үшін бірінші орында жылдамдық емес, қауіпсіздік тұруы керек.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ