Ішімдікке тәуелділік – қоғамның тыныштығы мен отбасы берекесіне кері әсер ететін өзекті мәселе. Балқаш ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән берілуде. Алкогольді шамадан тыс тұтыну түрлі жанжалдар мен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан әр азамат өз денсаулығы мен отбасының амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Әсіресе жастар арасында спортты, еңбекті және пайдалы бастамаларды қолдау маңызды. Ішімдіксіз өмір салтын таңдау – қауіпсіз әрі саналы қоғам құрудың бір жолы. Тәртіп әр адамның өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Алтынай СЕЙІТКЕН