Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Отбасындағы татулық – зорлық-зомбылықсыз өмір

Отбасындағы татулық – зорлық-зомбылықсыз өмір

29 қаралым

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Сондықтан отбасындағы зорлық-зомбылыққа ешқашан жол берілмеуі тиіс. Балқаш ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жанжал туындаған жағдайда оны күш қолдану арқылы емес, өзара түсіністік пен заңды жолмен шешу маңызды. Зорлық-зомбылықты жасыру мәселені одан әрі ушықтыруы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған азаматтар тиісті органдар мен мамандардан көмек сұраудан тартынбауы керек. Тату отбасы – тұрақты қоғамның берік негізі.

Алтынай СЕЙІТКЕН