Алматы облысында шетелден келген этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі және оларды қабылдаушы өңірлерге қоныстандыру мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Бахытұлының қатысуымен аудан-қалалық әкімдермен және уәкілетті органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында «қандас» мәртебесін беру рәсіміне енгізілген өзгерістер, этникалық қазақтарды қабылдау және оларды қоныстандырудың қолданыстағы тәртібі талқыланды.

2026 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы облысында «Қандас» мәртебесін алуға өтініштерді қабылдау пилоттық жобаға байланысты жаңа тәртіппен жүзеге асырылуда.
Отырыста Пилоттық жоба шеңберіндегі талаптар қаралды.
Жиында Алматы облысына өз бетінше келген этникалық қазақтардың құқықтық мәртебесін реттеу, оларды белгіленген қабылдаушы өңірлерге бағыттау, құжаттарын рәсімдеу және әлеуметтік бейімдеу мәселелерін уақтылы ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.
Кездесуде шетелден келген этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру рәсімдерін түсіндіру, оларды қабылдаушы өңірлерге заңнамаға сәйкес қоныстандыру және мемлекеттік қолдау шараларымен қамту бағытындағы жұмысты үйлестіру мәселелері бойынша аудан-қалалық тиісті органдарға тапсырмалар берілді.