Перейти к содержимому

Отбасы – зорлық емес, жылулық мекені

31 қаралым

Әр бала мен әр ересек адам өз үйінде өзін қауіпсіз сезінуге құқылы. Отбасындағы қорқыту, кемсіту, күш көрсету немесе тұрақты қысым қалыпты жағдай ретінде қабылданбауы керек. Жанжал туындаған кезде мәселені күшпен емес, сөйлесу арқылы шешкен дұрыс. Үйдегі өзара құрмет балалардың тәрбиесіне де оң әсер етеді. Берекелі отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.

Құралбек СӘБИТОВ