Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мас күйде көлік жүргізу – жауапсыздық

Мас күйде көлік жүргізу – жауапсыздық

8 қаралым

Көлік жүргізу мен алкогольді қатар алып жүруге болмайды. Мас жүргізушінің жолдағы жағдайды дұрыс бағалауы қиындап, реакция жылдамдығы төмендейді. Мұндай жағдайда көлік басқару өз өміріне ғана емес, басқа адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Мас күйде рөлге отырған адам бір отбасының қайғысына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ішімдік ішкеннен кейін көлік жүргізбеу – заң талабы ғана емес, азаматтық жауапкершілік.

Алтынай СЕЙІТКЕН