Отбасы – адам тәрбиесі қалыптасатын ең маңызды орта. Сондықтан шаңырақтағы өзара сыйластық пен түсіністік қоғамдағы тұрақтылыққа да тікелей әсер етеді. Отбасылық жанжалдың алдын алу үшін мәселелерді күш қолданбай, сабырмен және заң аясында шешу қажет. Зорлық-зомбылыққа көз жұма қарау – мәселені одан әрі ушықтыруы мүмкін. Құқық қорғау органдары тарапынан отбасылық жанжалдардың алдын алу, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әрбір отбасы мүшесі бір-бірінің құқығы мен қадір-қасиетін құрметтегенде ғана берік әрі қауіпсіз орта қалыптасады.
Ерзат АСЫЛ