Интернетте есірткі заттарын тартымды етіп көрсететін түрлі ақпарат кездесуі мүмкін. Мұндай жарнамалардың мақсаты – әсіресе жастарды қызықтырып, заңсыз әрекетке тарту. Есірткіні тарату мен заңсыз айналымына қатысу ауыр құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік желідегі күмәнді ұсыныстарға сенбеу және белгісіз сілтемелерге кірмеу қажет. Саналы таңдау – өз өміріңді қорғаудың ең сенімді жолы.
Алтынай СЕЙІТКЕН