Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кегенде тазалыққа 1250 тұрғын атсалысты

Кегенде тазалыққа 1250 тұрғын атсалысты

9 қаралым

Кеген ауданында тамыз айында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігі, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Сенбілік барысында аудан орталығындағы бірқатар қоғамдық және әкімшілік аумақтар тазартылды. Шараға аудан бойынша 1250-ден астам тұрғын қатысып, нәтижесінде 48 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстары тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Ауданда мұндай экологиялық шараларды тұрақты өткізу жоспарланып отыр.

Өз тілшіміз