Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Заң талаптарын сақтау – құқықбұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Әсіресе қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау маңызды. Құқық қорғау органдары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Заңды білу және оны құрметтеу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі.
Алтынай СЕЙІТКЕН