Перейти к содержимому

Жолдағы тәртіп – өмір қауіпсіздігі

21 қаралым

Жол қозғалысы ережесін сақтау жүргізуші мен жаяу жүргіншінің ортақ міндеті. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы жолаққа шығу және көлік басқару кезінде телефон пайдалану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер де жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуі тиіс. Әсіресе балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Жолдағы әрбір сақтық – адам өмірін қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Алтынай СЕЙІТКЕН