Цифрлық технология дамыған сайын интернеттегі қауіптердің түрі де көбейіп келеді. Әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді ашық жариялау алаяқтарға мүмкіндік беруі мүмкін. Күрделі құпия сөз қолданып, аккаунттарға қосымша қорғау орнатқан дұрыс. Банк қосымшаларына қатысты ақпаратты бөгде адамдарға беруге болмайды. Қарапайым сақтық шаралары интернеттегі көптеген қауіптің алдын алады.
Алтынай СЕЙІТКЕН