Перейти к содержимому

Есірткісіз ұрпақ қалыптастыру қажет

4 қаралым

Есірткінің заңсыз айналымы қоғамның қауіпсіздігіне және жастардың болашағына елеулі қауіп төндіреді. Оның алдын алу жұмыстары жасөспірімдерге қауіпті әрекеттің салдарын түсіндіруден басталады. Қазіргі кезде жастардың ақпаратты көбіне интернеттен алатынын ескеру қажет. Әлеуметтік желілерде заңсыз қызметке тартатын жасырын ұсыныстар кездесуі мүмкін. «Оңай табыс» немесе «жылдам ақша» деген уәделерге алданып қалмау керек. Күмәнді тапсырма алған жағдайда оның заңдылығын анықтап алған жөн. Ата-аналар баласының интернеттегі ортасына да назар аударғаны дұрыс. Білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстардың тұрақты жүргізілуі маңызды. Жастардың спортқа, өнерге және білімге қызығушылығын арттыру да жақсы нәтиже береді. Есірткіден ада ұрпақ қалыптастыру үшін отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен жұмысы қажет.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ