Жолдағы қауіпсіздік тек жол белгілерін білумен шектелмейді. Әр жүргізуші мен жаяу жүргінші өзінің әрекеті басқа адамдарға әсер ететінін түсінуі керек. Жылдамдық режимін сақтау көлік апаттарының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Жүргізушінің рөлде телефон қолдануы назарын бөліп, қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер де жолды белгіленген жерден кесіп өткені дұрыс. Балаларға жол ережесін үйрету олардың қауіпсіздігі үшін қажет. Көліктегі қауіпсіздік белдігін пайдалану да назардан тыс қалмауы тиіс. Жаңбыр, қар немесе тұман кезінде жолда аса сақ болған жөн. Бір-біріне жол беру және асықпай әрекет ету жолдағы жағдайды едәуір жеңілдетеді. Жол мәдениеті әр адамның өзінен басталғанда ғана қауіпсіздік деңгейі артады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ