Қауіпсіздік дегенде көбіне полиция қызметкерін, патрульдік көлікті немесе камераларды елестетеміз. Алайда шын мәнінде қауіпсіз орта тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Ол – көшеде тәртіп сақтаған жүргізушіден, күмәнді қоңырауға сенбеген азаматтан, отбасындағы зорлыққа көз жұмбаған көршіден, баласының ортасына мән берген ата-анадан басталады.
Бүгінде Қазақстанда құқықбұзушылықтың алдын алуға ерекше мән беріліп отыр. Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жүйесін жетілдіруге, құқықбұзушылыққа алып келетін себептер мен жағдайларды анықтап, жоюға бағытталды.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ