Кейбір адамдар ішімдік ішкен кезде жасаған әрекетіне жауап бермеуге болады деп ойлайды. Алайда заң алдында әрбір азамат өз ісіне жауапты. Мас күйінде жасалған құқықбұзушылық қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан алкоголь қолданған адам өз әрекетін бақылаудан шығарып алмауы керек. Ең дұрыс шешім – зиянды әдеттен аулақ болу. Тәртіпті сақтау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ