Перейти к содержимому

Интернеттегі қауіптен сақ бол!

13 қаралым

Қазіргі таңда жастар ақпараттың көп бөлігін интернеттен алады. Алайда желіде есірткіге қатысты заңсыз ұсыныстар мен күмәнді хабарламалар да кездесуі мүмкін. Сондықтан цифрлық ортада сақтық таныту аса маңызды. Күмәнді сілтемелерге кірмеу және бейтаныс адамдардың ұсынысына сенбеу қажет. Заңсыз әрекетке қатысты ақпаратты тиісті орындарға хабарлау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Интернеттегі қауіпсіздік те қоғамдық тәртіптің бір бөлігі.

Алтынай СЕЙІТКЕН