Перейти к содержимому

Уланған сана – ұрланған болашақ

10 қаралым

Есірткі адамның денсаулығына ғана емес, оның бүкіл өмірлік жолына қауіп төндіреді. Тәуелділік адамды жақындарынан, білімнен және алға қойған мақсаттарынан алыстатуы мүмкін. Сондықтан есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі қажет. Әсіресе жастар қауіпті ұсыныстарға ермеуді үйренуі тиіс. Бір сәттік қызығушылықтың салдары ұзаққа созылуы мүмкін. Болашақты қорғау – зиянды әдеттен бас тартудан басталады.

Алтынай СЕЙІТКЕН