Қарасай ауданында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру – «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтудың маңызды бөлігі. Конституция – мемлекет пен қоғам өмірінің негізгі бағытын айқындайтын басты құжат. Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепілі болып табылады. Жаңа конституциялық бастамалар қоғамдағы әділеттілік, жауапкершілік және заң үстемдігі қағидаттарын күшейтуге бағытталуы тиіс. Әр азамат Конституцияны құрметтеп, өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Заңды құрметтеу – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның басты шарты.
Қуат ҚАЙРАНБАЙ