«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Балқаш аудандық Орталық кітапханасының ұжымы Бақанас ауылындағы Сейфуллин көшесінің бойында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді.
Олар көше бойын ақтау, шөптерден тазалау, сыпыру және ретке келтіру жұмыстарын атқарып, өлке табиғатын аялауға үлес қосты.
Кітапхана директоры Ақбота Қажымұқанқызының айтуынша, тазалық әркімнің өз ауласынан бастау алады. Тазалық жұмыстары арқылы Балқаштың табиғатын көркейтуге мүмкіндік мол.
– Тазалық – әр адамның ортақ міндеті. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы туған жеріміздің көркеюіне өз үлесімізді қосамыз, – деді ол.
Алтынай СЕЙІТКЕН
Балқаш ауданы