Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жас блогер – тазалық пен жауапкершіліктің жаршысы

Жас блогер – тазалық пен жауапкершіліктің жаршысы

17 қаралым

Алатау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өскелең ұрпақтың табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бастамалары қолдау табуда.

Қаланың ең жас блогерлерінің бірі экологиялық акцияға белсенді қатысып, өз ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жас блогердің бұл бастамасы айналасындағы тұрғындарға үлгі болып, туған жердің тазалығына әр азаматтың жауапкершілікпен қарауы қажеттігін көрсетті.

Белсенділігімен ерекшеленген жас блогерді Алатау қаласы әкімінің орынбасары Несіпбаева Гүлбану Сейткенқызы қабылдап, экологиялық акцияға атсалысып, қаланың тазалығына өз үлесін қосқаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында әкім орынбасары жас блогерге қолдау көрсетіп, оның белсенді азаматтық ұстанымын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дайындық аясында мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын сыйға тартты.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға, жастарды еңбекке және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Осындай игі істер өскелең ұрпақты туған қаласына жанашырлықпен қарауға, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға және айналасына жақсы үлгі көрсетуге үндейді.

Алатау қаласында тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.