«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы елімізде қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың біріне айналды. Аталған бастама аясында тұрғындар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына белсенді қатысуда.
Тазалық – бір күндік науқан емес, әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Өз ауласын, көшесін және қоршаған ортасын таза ұстаған адам туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді.
«Таза Қазақстан» бастамасының басты мақсаты – тек аумақтарды қоқыстан тазарту емес, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Бұл ретте әр тұрғынның белсенділігі маңызды.
Туған жердің көркеюі мен тазалығы – ортақ міндет. Сондықтан тазалықты сақтауға атсалысу арқылы біз келер ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалыптастырамыз.
Алтынай СЕЙІТКЕН