Заң мен тәртіп – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты тірегі. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығымен қатар өз міндетін де білуі қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек полицияның немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес. Көшеде, аулада, жұмыста және тұрмыста мәдениетті мінез-құлық қалыптастырудың маңызы зор. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі қажет. Заңға құрмет қалыптасқан жерде қауіпсіздік те берік орнығады. Сондықтан тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ ісі.
Алтынай СЕЙІТКЕН