-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауа-райы

    Ізгі жандарға құрмет

    02.11.2023
    in Ауа-райы, Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Все новости, Демография, Духовность, Здоровье, Идеология, Кәсіпкерлік, Мәдениет, Мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік тіл, Өмірдің өзінен, Өңір тынысы, Партия, Политика, Президент, Руханият, Саясат, Үкімет
    Ізгі жандарға құрмет

    Фото: Жұмабай Мұсабеков

    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Жылдағы дәстүр бойынша қоғам мəселелеріне атүсті қарамайтын, мемлекетіміздің көмекке зəру әрбір тұрғынына қол ұшын соза білетін жүрегі мейірімді, қызметі қайырымды жандарға құрмет көрсетілді. Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде тағдыр тауқыметіне тап болғандардың көңілін аулап, әлеуметтік саланың пұшпағын илеп жүрген мамандар бас қосты.
    Еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі саналатын әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі ерекше. Өмір жолы қиын жандардың қайғысымен бөлісіп, олардың оңалып кетуі үшін жанын салып жұмыс істейтіні де бүкіл жұртқа мәлім. Осы орайда мемлекет тарапынан әлеуметтік сала мамандарының еңбегі еленіп, оларға баса назар аударылуда. Салтанатты шара шымылдығын ашқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова мейірімді жандардың қажырлы жұмысына тоқталып, кәсіби мерекенің маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде:
    – Баршаңызды әлеуметтік сала қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Табиғатта барлық жылу күннен таралса, ал адамдарда бар шуақ жүректен жолданады. Сіздерге мейірімділіктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Биыл Тәуелсіздіктің 33 жылдығы қарсаңында осы кәсіби мерекенің басталғанына тура 13 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында еліміздің әлеуметтік саласын жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мемлекет саясатының басты мақсаты екенін атап өтті. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуда сіздер секілді жақсылықтың жаршысы саналатын жандар күш салуда. Өте жауапты, жүгі ауыр саладағы тынымсыз еңбектеріңіз үлкен құрметке лайықты. Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, табыс және амандық тілеймін, – деп жүрекжарды лебізін жеткізді.
    Облысымызда әлеуметтік сала бойынша бір жарым мыңнан аса қазметкер жұмыс істейді. Олар жалғыз тұратын қарттардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың, ерекше қажеттілігі бар балалардың бабын тауып, халықтың аз қамтылған санатын қолдай отырып, мемлекеттік саясатты табысты іске асыруда. Айгүл Матанқызы өңірімізде атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
    – Алға қойған міндеттерге сәйкес әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі үшін барлық жағдай жасалған. Материалдық, техникалық базасы жаңартылған әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып келеді. Облыс бойынша маңызды әлеуметтік жобалар іске асырылып, жұмысқа орналасу мәселелері шешілуде. Бүгінгі таңда 3000 нан астам адам әлеуметтік қызметтердің барлық түрінен қызмет алып, мұқтаж азаматтардың 99 пайызын түгел қамтып отырмыз. Өңірімізде әлеуметтік қызмет көрсететін 10 жаңа мекеменің жұмысы да жолға қойылған, – деді.
    Жылдағы дәстүр бойынша үздік қызметкерлерді анықтау үшін өткізілетін облыстық байқау биыл да мереке қарсаңында ұйымдастырылған. Байқау шарты бойынша үміткерлер аудандар мен қаладағы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде 2-қазаннан бастап 15-қазанға дейінгі аралықта іріктеліп, 18-20 қазан аралығында облыстық басқармада әр ұсыныс жеке қаралып, арнайы комиссия қатысушылар ұсынған материалдар мен құжаттарды саралап, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде Кеген ауданының әлеуметтік қызметкері Айгерім Жақыпова бас жүлде иегері атанып, 500 мың теңгелік сертификатты қанжығалап қайтты. Басқа да қатысушыларға ақшалай сыйлық табысталып, Алғыс хат берілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова үздік сала мамандарын «Еңбек ардагері» медалімен, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттап, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және басқарманың Алғыс хаттарын табыс етті.Салтанатты шара өңір өнерпаздары және әлеуметтік сала қызметкерлері дайындаған концертке ұласып, мерекелік көңіл-күй арта түсті.

    Құралбек СӘБИТҰЛЫ

    Ұсынымдар

    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    8 months ago
    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    6 months ago
    Мақсаты биік жас кәсіпкер мемлекеттен нақты қолдау күтеді

    Мақсаты биік жас кәсіпкер мемлекеттен нақты қолдау күтеді

    2 years ago
    Шаңырақ шаттығы

    Шаңырақ шаттығы

    2 months ago
    Қарасазда жаңа өнер мектебі салынып жатыр

    Қарасазда жаңа өнер мектебі салынып жатыр

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.