Отбасының берекесі қоғамның тұрақтылығына әсер етеді. Үйдегі татулық пен өзара құрмет балаға жақсы тәрбие береді. Қандай жағдай болса да, мәселені күш қолдану арқылы шешу дұрыс емес. Әр отбасы мүшесі бір-бірінің пікірін тыңдап, қиындықты бірге еңсеруге тырысуы қажет. Зорлық-зомбылық белгілерін жасыруға немесе ақтауға болмайды. Қоғамда отбасылық құндылықтар мен жауапкершілікті насихаттау маңызды. Тату отбасы – мықты қоғамның тірегі.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ