Перейти к содержимому

Сақшылармен кездесті

48 қаралым

          Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ықылас Амалбек полиция инспекторларымен кездесті. Аудандық полиция бөлімінде өткен шарада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, тұрғындармен кері байланысты күшейту бағытындағы міндеттер сөз болды.

         Аудан әкімінің орынбасары учаскелік инспекторлардың халықпен тікелей жұмыс істейтін маман иелері екенін атап өтіп, аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар кәсіби мереке – Учаскелік полиция инспекторлары күніне орай, жұмыста жоғары нәтиже көрсетіп жүрген бірқатар қызметкерді құттықтап, аудан әкімінің Алғыс аттарын табыстады.

         Ықылас Еркінұлы кездесу соңында инспекторлардың тәртіп пен тұрақтылықты сақтау жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тілеп, аудан әкімдігі мен полиция бөлімі арасындағы бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтты.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы