Отбасындағы жанжал кейде сырт көзге байқалмайтын үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Дауыс көтеру, қорқыту, кемсіту немесе күш қолдану – мұның бәрі адамның құқығына нұқсан келтіреді. Әсіресе балалар үйдегі тұрақсыз ахуалды ауыр қабылдайды. Сондықтан жанұядағы кез келген агрессияға «өздері шешеді» деп қарау дұрыс емес. Қиын жағдайға тап болған адам көмек сұрауға құқылы. Жақындары мен көршілері де қауіп байқалса, бейжай қалмағаны жөн. Құқық қорғау органдарына уақытылы жүгіну жағдайдың одан әрі күрделенуіне тосқауыл бола алады. Отбасындағы сыйластық қорқынышқа емес, сенімге құрылуы керек. Әр шаңырақта өзара түсіністік пен сабыр бірінші орында тұрғаны абзал. Зорлықтың алдын алу ең алдымен оны қалыпты құбылыс деп қабылдамаудан басталады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ