☀️
6°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Қазақстан халқына” қоры Алматы облысындағы арнайы мектептің жабдығын жаңартты

    02.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық, Өңір тынысы
    “Қазақстан халқына” қоры Алматы облысындағы арнайы мектептің жабдығын жаңартты
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арнайы мектептерді жарақтандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Дәл осындай игі іс Еңбекшіқазақ ауданында көрініс тапты. Қор қаражаты есебінен Есік қаласындағы облыстық зерде бұзылысы бар балаларға арналған мектеп-интернатының құрал-жабдықтары жаңарды.

    Арнайы білім ордасына келген «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев Есік мектеп-интернатының жаңадан жабдықталған логопед, психолог, әлеуметтік тұрмыстық бағдар кабинеттері мен тігін шеберханасын аралады. Ондағы заманауи оқыту құралдары балалардың зердесін ашуға септігін тигізіп жатқанына көз жеткізді.

    – Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу оңай емес. Сондықтан осындағы қызметкерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Дертке шалдыққан бүлдіршіндердің оңалуына, қоғамда өз орнын табуына барынша жағдай жасап отырсыздар, – деді Болат Жәмішев. Қор басшысының айтуынша, жыл соңына қарай осы тектес 98 мектеп, оның ішінде Алматы облысының Есік және Қаскелең қалаларында үш мектептің құрал-жабдықтары жаңарады.

    Бүгінгі таңда аталған мектеп-интернатта 187 бала оқиды. 70-тен астам қызметкер жұмыс істейді. Мектеп директоры Анар Сәрсекованың айтуынша, ерекше білімді қажет ететін балалар Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарынан келіп білім алып жүр.

    – Біздің мақсатымыз – балаларды өмірге бейімдеу, еңбекке баулу. Кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылса, мұнда істейтін мамандардың жұмысы да нәтижелі болады. Бүгін, міне, «Қазақстан халқына» қорының арқасында мектептің материалдық-техникалық базасы біршама нығайды. Бізге тағы жылыжай керек. Ағаш шеберханасын жабдықтау да күн тәртібінде тұр, – деді мектеп-интернат директоры Анар Сәрсекова.

    Болат Жәмішев арнайы мектепті жарақтандыру осымен шектеліп қалмайтынын, алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасатынын атап айтты. Сонымен қатар, «Kazdidac» қауымдастығының басқарма төрағасы Константин Казанцев, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова да өз ойларын ортаға салды. Облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Бесбаева «Қазақстан халқына» қорының жұмысына ризашылығын білдірді.

    Мектеп оқушылары қонақтарға өнерлерін паш етті. Олардың қолынан шыққан бұйымдар ешкімді бейжай қалдырмады

    Болат Мәжит
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Tags: арнайы мектепжабдықтауҚазақстан халқына қоры

    Ұсынымдар

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    2 years ago
    Айтыстың ақтаңгері

    Айтыстың ақтаңгері

    1 year ago
    Инвестиция  –  ел игілігі

    Инвестиция – ел игілігі

    1 year ago
    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    12 months ago
    Газет – тарих тамыршысы

    Газет – тарих тамыршысы

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>