Перейти к содержимому

Алматы облысында жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қараша, сағат 00:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің қуаты магнитудасы — 6.1. Зілзала жердің 15 шақырым тереңдігінде болды.

«Зілзаланың күші Алматы қаласында, Алматы облысының Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілген»,- дейді стансадан.