Перейти к содержимому

Интернеттегі қауіптен сақтан!

16 қаралым

Қазір алаяқтар интернет пен телефон байланысын тиімді пайдаланып, азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолдануда. Олар банк қызметкері, полиция немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде хабарласып, жеке мәліметтерді сұрауы мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамға банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодты немесе құпия сөзді айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз қосымшаларды жүктеуден де сақ болған жөн. Құқықтық сауаттылық пен қырағылық – интернет алаяқтығына қарсы ең тиімді қорғаныстың бірі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ