Перейти к содержимому

Тәртіпке бағынған құл болмайды

19 қаралым

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық ең алдымен тәртіптен басталады. Тәртіп сақтау – тек заң талаптарын орындау емес, айналадағы адамдарға құрметпен қарау. Қоғамдық орында әдеп сақтау, жол ережесін орындау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау – әр азаматтың міндеті. Заңды құрметтеген адам өз құқығын ғана емес, өзгелердің де құқығын сыйлайды. Сондықтан тәртіпті қалыптастыруды әр адам өзінен бастағаны жөн.
Отбасындағы тәрбие де бұл бағытта маңызды рөл атқарады.
Бала үлкендердің іс-әрекетіне қарап өседі. Егер ата-ана заңды сақтап, жауапкершілік танытса, бала да соны үлгі етеді. Қоғамдағы қауіпсіздікке әр азаматтың қосқан үлесі маңызды.
Тәртіпке бейжай қарамау – ортақ жауапкершіліктің белгісі.
Заң талаптары баршаға ортақ. Оны сақтау арқылы біз қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырамыз. Тыныш қоғам құру – бір күндік жұмыс емес. Ол күнделікті жауапкершіліктен басталады. Тәртіп бар жерде тұрақтылық та берік болады.


Құралбек СӘБИТҰЛЫ